БӨГЕТТЕРДІ БЕКІТУ ЖОБАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Жыл басынан бері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша облыста 800-ге жуық адам кене шағу фактісімен тіркелген.
Ағымдағы жылы республикамыздың 7 облысында су тасқынының орын алуына байланысты «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасы бекітілді. Аталған жол картасына біздің облыс бойынша барлығы 19,3 млрд теңгені құрайтын 155 жоба енгізіліп отыр. Осы ретте, жол картасы аясында қаланың сол жағалауын бекіту, Сырдария өзені арнасын жерснарядпен тазалау, таудан аққан қарғын судан қорғану мақсатында Жаңақорған ауданындағы Ақүйік өзені мен Жігерлім каналының қорғаныс бөгеттерін бекіту жобаларын іске асыру қолға алынатындығы айтылды.