МЕКТЕПКЕ БАРАТЫН БАЛА КӨМЕКСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Басты мақсаты - акция аясында көмек көрсетуді қажет ететін балалардың тізімі әзірленеді, аталған тізім бойынша балалар әр мекемеге бекітіледі. Мемлекеттік органдарды, бизнес-құрылымдарды және үкіметтік емес ұйымдарды акцияға тарту үшін тұрмысы аз қамтылған және көп балалы жанұялардың хал-жағдайы туралы мәліметтер жіберілуде.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Шаризат Алмашова да басқарма тарапынан 40-50 балаға демеушілік жасайтындарын жеткізді.
ОІІД-нің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы Раушан Әбдразақова «қауіпті топ» балаларын анықтау мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастырылып жатқанын айтты.