АУДАНДАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
№3 медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімі белгіленген кесте бойынша ағымдағы жылдың шілде айында Жалағаш және Сырдария аудандарында көшпелі отырысын өткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті хабарлады.
Жалағаш ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны - 5, оның ішінде 2 науқас алғаш рет мүгедек болып танылды, ал 3 мүгедек қайта куәландырудан өтті. Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.
Сырдария ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны – 8, оның ішінде 1 науқас алғаш рет мүгедек болып танылды, ал 7 мүгедек қайта куәландырудан өтті. Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес медициналық көрсетілімдермен қарсы көрсетілімдер негізінде әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.
Сонымен қатар, екі ауданда жиі және ұзақ ауыратын 6 науқасқа мүгедектік белгілерін анықтау мәселесі бойынша кеңес берілді. ДКК төрайымдарымен бірлесе отырып, дәрігерлерге 2017 жылдың 6 айының қорытынды есебі жеткізілді. Медициналық ұйымның дәрігерлеріне №088 нысанын сапалы толтыру туралы ұсыныстар берілді. Тиісті стандартқа сәйкес, науқастарға композиттік мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында дайындалатын қажетті құжаттар тізбесі туралы айтылды.