АРДАҚТЫ АҚЫН АТЫНДАҒЫ ТУРНИР

Финалдық ойында өз топтарында жеті – жетіден ұпай жинаған аудан әкімдігі мен №4 өрт сөндіру бөлімінің спортшылары турнирдің бас жүлдесі үшін таласқа түсті. Жеңіске деген жігері мықты екі команданың ойыншылары да ақтық ойынға тән аса сақтықпен қимылдады. Тең дәрежеде өткен ойында өздеріне берілген мүмкіндікті пайдалана алмаған екі команда да негізгі уақытты 0:0 есебімен аяқтады. Ойын соңынан кейінгі пенальтиде өрт сөндіру бөлімінің мерейі үстем болды. Тартысты өткен еске алу турнирінің жеңімпазы болып №4 өрт сөндіру бөлімінің ойыншылары танылды.
Турнирдің жабылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов жеңімпаз командаларды құттықтап, турнирді ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Ардақты ақын Жетіскен Мәкеналының есімі мәңгі ұмытылмайтынына сенім білдірді.
