«ОӨАЖҚЖ» ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ СУ АЙДЫНДАРЫНДА РЕЙДТЕР ҰЙЫМДАСТЫРУДА
Суға шомылу маусымында адам шығынын болдырмау мақсатында Сырдария өзенінің жағалауында үнемі рейд өтікізіліп тұрады.
Бүгін осындай кезекті рейд «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары, Төтенше жағдайлар департаментінің, көліктік бақылау инспекциясы және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер өткізуде.
Рейд барысында Сырдария жағалауындағы Мерей мөлтек ауданындағы жағажай, ескі базар аумағындағы жағажай, суға тусушілердің үнемі баратын орталық ХҚКО жанындағы жағажай және тағы басқа орындар тексерілді.
Бақытсыз жағдайлар көбіне суға тусуге болмайтын жерледе шомылғандармен болатыны айдан анық. Халық қауіпсіздік шараларын сақтамай, қайғылы оқиғаларға тап болады. Осылай үстіміздегі 2017 жылдың басынан есептегенде су айдандарында Қызылорда облысы бойынша 19 адам қаза тапты, оның ішіндегі 4-і кәмелетке толмаған балалар.
Апта сайын демалыс және мереке күндері «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушыларымен Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері су жағасында демалушыларға кеңінен түсіндірме жүмыстарын жүргізеді. Атап өтсек, 10000 данадан астам үгіт-насихат парақшалары таратылды, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету шараларын түсіндіреді, ішімдік ішіп суға шомылу кауіптілігі жөнінде кеңінен әңгіме өрбітеді, ең бастысы – кәмелетке толмаған балаларды қараусыз су жағасында қалдырмау кажеттілігін талқылайды. Су айдындарында адам шығыны болмас үшін үгіт-насихаттық жұмыстары суға шомылу маусымы аяқталғанша жалғасын табады.