СЫРДАРИЯЛЫҚТАР СҰЛЫ ДА, АРПА ДА ЕГЕДІ
Сырдария ауданында биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1209 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайыз болды.
Аудандық әкімдіктің есебіне сүйенсек, осы жылы 32112 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілген. Оның басым бөлігі күріш. Сонымен қатар, ауданда жаздық бидай, жүгері, картоп пен көкөніс, бақша алқаптары да ұлғая түскен.
Аудан диқандары биыл 260 гектарға арпа, 97 гектарға сұлы салыпты. Қазіргі уақытта егіс жағдайы жақсы деп бағаланып отыр.
Егіске қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 10020 тонна болса қазір шаруашылықтар 3520 тонна сульфат амоний, 3866 тонна карбамид, 2634 тонна аммофос минералды тыңайтқыштарымен қамтамасыз етілді.