ОРТАҚ ҚАЗАН ОРТАЙМАСЫН

Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша, мемлекеттік бюджет кіріс болжамын 95,7 пайызға орындаған. Нақтырақ айтсақ, кіріс болжамы 7936067,0 мың теңге болса, оның 7596251,0 мың теңгесін ортақ қазандыққа жинаған. Оның ішінде республикалық бюджет 93,8 пайызға орындалды.
Ал, жергілікті бюджет 104,5 пайызға (болжам 949373,0 мың теңге, түсім 991656,0 мың теңге) немесе 42283,0 мың теңгеге артық орындалды. Бұған себеп, аудан тұрғындарының жер, мүлік және көлік салығын уақытында төлеген. Бұл дегеніміз, аудан халқының салық сауаттылығы артып келе жатқанын аңғартады.