ЕКІ ЖҮЗ БАС МАЛ ТІРІДЕЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ. ВИДЕО
БҚО-да 200 бас мал тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі «Мой Город»-қа сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Талдыапан ауылына жақын маңда дала өрті кезінде 100 ешкі мен 90 қой тірідей өртеніп кеткен.
Өртеніп кеткен малдың суретін редакцияға Талдыапан өңірінің тұрғындары жолдаған.
БҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, қанша бас малдың өртеніп кеткені және қанша шығын кеткені анықталуда.
«30 шілде күні сағат 13.30-да Қазталов ауданынан өрт сөндіру қызметіне дабыл түсті. Қазталов ауданы Талдыапан ауылынан 17 шақырым қашықтықта дала өртенген. Өрт 21.00-де сөндірілді. Өрт болған кезде шамамен 100 ешкі мен 90 қой өртеніп кеткен. Қанша малдың өртенгені әлі де анықталып жатыр», - дейді Нұргүл Мұқанова.