ЖЕЛ КӨТЕРІЛІП, ҚАТТЫ ЫСТЫҚ ТҮСЕДІ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 31шілде-2 тамыз аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде күн қызуы 42 градусқа дейін көтеріліп, солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр шаңды дауыл тұрады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы