ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ұйымдастыруымен жедел штаб отырысы өткізіліп, онда жыла маусымына дайындықтың барысы пысықталды. Отырысқа қала әкімінің орынбасарлары, барлық коммуналдық сала басшылары, ПИК төрағалары қатысты.
Алдағы жылу маусымына 3174 тонна мазут, 141,8 тонна дизель резервте тұр. «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы тарапынан негізгі газ отынына шектеу болатын жағдайларды ескерсек, алдағы жылу беру маусымына қосымша 50 210 тонна мазут отыны қажет етеді.
«Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу барысында 648,4 шақырым ауыз су, 340,3 шақырым кәріз су жүйесіне және 117 дана ұңғымаға ағымдағы жөндеу және ревизия жасау жұмыстары жүргізілуде.
Талдау қорытындысы көрсеткендей, осы жылы мәселе туындау қаупі бар көпқабатты тұрғын үйлердің тізімі анықталып, 74 тұрғын үйдің өжірелеріндегі тозығы жеткен инженерлік жүйелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындап отыр.
Атап айтқанда, «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС қарасты 36 көпқабатты тұрғын үйлердің жылу құрбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, Сәулет № 8,9 Абай даңғылы № 47,47 г, Шұғыла №27 үйлер бойынша дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.
Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы атқарылуы қала басшылығының ұдайы назарында болады.