КЕНТТЕ ГАЗ ЖЕЛІСІН ТАРТУ ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың нормаларын анықтау жұмыстарына 9 750,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілімен «Қалдықтарды нормалау қазақстандық орталығы» ЖШС 2 950,0 мың теңгеге жеңімпаз атанып, келісім шарт жасалып, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
Кент ішіндегі газ желілері жүргізілмеген көшеде 200-ден астам тұрғын үй «көгілдір отынды» пайдалана алмай отыр. Осыған орай биыл газ тасымалдау жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша осы үйлерді табиғи газбен қамтамасыз етудің жоба сметалық құжатын жасатуға 22 213 мың теңге қаржы бөлінді.