АРАЛДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Аудандық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша биылғы жылы «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында Арал қаласында 2 бір пәтерлі коммуналдық арендалық тұрғын үй салынып, «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2 кондоминимум нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеу жұмыстары қаланың Судоверфь көшесіндегі № 22 және Қарасақал Ерімбет көшесіндегі №11 тұрғын үйлерде жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, биылғы жылы жалпы саны 14 нысанның құрылысына 3,3 млрд. теңге қаржы қаралған. Салынатын 5 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 57,8 млн теңге жұмсалады.