ЖАРТЫ ЖЫЛДА 700 АДАМ ЖҰМЫС ТАПТЫ
Жыл басынан бері Шиелі аудандық жұмыспен қамту орталығына 1364 адам хабарласып, 715 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Осы жылы 575 жұмыссызды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту жоспарланса, алты айда солардың 434-і жұмысқа тартылды. Жыл басынан ауданда 6 мәрте «Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері» өткізіліп, оларға қатысқан 64 жұмыс беруші 171 бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 135 адам тұрақты жұмысқа, 1 азамат жастар тәжірибесіне орналастырылып, 37 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.