МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Мемлекеттің әлеуметтік сала бағытындағы бағдарламалары арқасында мүмкіндігі шектеулі жандар қолдауға ие болып, жұмысқа орналасып жатыр.
Соңғы есеп бойынша Шиелі ауданында 2451 мүгедек тіркелген. Оларды оңалтуға, әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен қамтамасыз етілуде. 2017 жылға қимылында қиындығы бар 124 бірінші топтағы мүгедек жеке көмекшімен қамтылса, 18 естуі төмен жан 3 ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілді. 362 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді. Мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 5 сурдо-техникалық құралдар (есту аппараты, ұялы телефон, саңыраулар сағаты, бейнекомпьютер), 14 жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар),34 тифло-техникалық құралдар (сағат, тифломагнитола, диктофон, плеер, зағиптар таяғы), 49 протез-ортопедиялық құрал (протездер, таяқ, балдақ, жетек арба таратылды. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін 119 балаға 3961,0 мың теңге материалдық көмек төленді. Осы жылдың 6 айында удан бойынша 10 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге жергілікті бюджеттен 5040,0 мың. теңге қаражат қаралды. 2017 жылдың 1 шілдесіне атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасының 13 мүшесіне 184,3 мың теңге тағайындалып, төленді.