ЖОБАЛАР АУҚЫМЫ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазалы ауданында ауқымды жобалар атқарылуда.
Бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2015 жылдары жалпы құны 4187,4 млн.теңге құрайтын 22 жоба ұсынылып, оның 17-сі толық іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылды.
Оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Бүгінде осы жобалардың игілігін ел көріп отыр.
Мысалы, «Рза» АҚ-ның «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы аясында осы жылдың 3 айында 1510 тонна сүт өңделіп, Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларындағы ірі сауда орталықтарында сатылды.
Осы кезең аралығында «СПК Қызылорда Балық» ЖШС 238 тонна балық өңдеп, Еуропа елдеріне экспортталды.
Индустрияландыру картасына Қазалы ауданында іске асырылатын бірнеше инвестициялық жобаны енгізуге тиісті жұмыстар жасалып, құжаттары жинақталуда.
«РЗА» АҚ-ның «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II-ші кезеңін іске асыру», «Сыр Маржаны» ЖШС «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы», «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту жобаларын индустрияландыру картасы енгізу шаралары жасалуда.
Бұлардың қатарында жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту» жобасы мен «Жеңіс» шаруа қожалығының түйе, жылқы сүтін өндіру және мал бордақылау кешенін ұйымдастыру бастамасы бар.