АЛҒАШҚЫ ЛЕКТЕ СЕГІЗ ЖҮЗ ҚОЗЫ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛАДЫ

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі сыртқа ет жөнелтудің индикативті жоспарын бекітті. Слған сәйкес Сыр өңірінен 25 тонна қой, 100 тонна сиыр етін экспорттау жоспарланған.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Пірмұхаммед Сыздықовтың айтуынша облыс аумағынан тірі қойларды экспорттау мәселесі толық шешімін тапты. Жаңақорған ауданындағы «Нұрболат» шаруа қожалығынан алғашқы 800 бас қозы шетелге жөнелтілуге дайын тұр.