ТҮЙТКІЛДІ ТҮЙІНДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ
Жергілікті «Қазалы» газетінің жазуы бойынша халық қалаулыларының кезекті отырысы¬ның күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралып, шығып сөйлеушілерге сұрақтар қойылған.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подпол¬ковнигі М.Тәжібай осы жылдың соңғы 6 айындағы аудан көлемінде қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Мұнан кейін аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Бақытжан Жарылқаптың Қазалы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы баяндамасы тыңдалып, депутаттар тарапынан бір ауыздан қолдау көрсетілді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Асанжан Ешнияз Әйтеке би кентінің көшелерін қайта атау жөнінде, Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсыныс енгізу туралы және аудан әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы, Қазалы аудандық мәслихатының XIV сессиясының шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасады.
Сессиядағы қаралған мәселелерге байланыс¬ты тиісті шешімдер қабылданды.