АЙМАҚ МЕКТЕПТЕРІ ТҮГЕЛГЕ ДЕРЛІК ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛДЫ
Осыған орай өткен жиында Қызылорда ОТД бас директорының міндетін атқарушы Бақытбек Қалықов 1-ші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысын саралап өтті. Бүгінгі күнге Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясының телекоммуникация желісінде келесі жұмыс жасайтын 108 АТС, 50 МСАД (мультисервистік абоненттік қосылым), 43 базалық станциялар СДМА-450, 5 базалық станциялар СДМА-800, 61 LTE базалық станциясы. АТС –терді цифрландыру деңгейі 100% құрайды. Биылғы жаңғырту жобаларында қала мен ауылдық елді мекендерде ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру және деректерді тарату қызметін дамытуға басымдық беріліп отыр. «Қызылорда қаласында FTTH желісінің құрылысы (FibertotheHome – пәтерге дейін оптика» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қызылорда қаласында жаңа технология бойынша 574 көпқабатты және 205 жеке үй қамтылған. 2017 жылғы 1 шілдеге FTTH желісінің жалпы құрастырылған сыйымдылығы 14021 портты болды.
«Мемлекеттік бағдарламаның орта білім жүйесін ақпараттандыру» бойынша жоғары жылдамдықты интернетке 292 мектептің 271-і қосылған. Мемлекеттік бағдарлама бойынша ҚР білім беруді дамытуға 2011-2020 жылдары Қызылорда облысы бойынша 108 мектеп электронды оқыту жүйесіне қосылды, олардың ішінде 29 мектепке қосылым ТОБЖ (талшықты оптикалық байланыс желісі) арқылы жүзеге асырылады. Интернет желісіне облыстағы мұғалімдерді және дәрігерлерді қосу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді- 57% мұғалімдер жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланады, облыстағы дәрігерлердің 63% КЖҚ қосылған.2017 жылғы 1 шілдеде iD TV цифрлы интерактивтік телеарнаны пайдаланушылар саны 10490 абонент болды, iD Phone қызметін 1282 қызылордалық пайдаланады.
Дәстүрлі телефония қызметімен бірге, кең жолақты қосылым интернет қызметіне FTTH технологиясы бойынша қызылордалықтарға жаңа қызметтер ұсынылған.