ДИҚАНДАР МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫН АЙҚЫН СЕЗІНУДЕ
Көктемде аудан бойынша 22465 гектар күріш, 604 гектар жаздық бидай, 20 гектар арпа, 811 гектар мақсары, 900 гектар картоп, 700 гектар көкөніс, 1000 гектар бақша, 3500 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 5900 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.
Қазір күріштік алқаптың 18000 гектары арам шөптерге қарсы гербицидтермен өңделіп, 12000 гектары үстеп қоректендірілді. 5900 гектар ескі жоңышқаның 400 гектары тұқымға қалдырылып, 5500 гектары 1 орымға толық орылып, әр гектардан 18,3 ц/га 10 065 тонна жоңышқа шөбі жиналды. Ескі жоңышқаның екінші орымы басталып, жұмыстар жүргізілуде.
«Магро» фермер қожалығы 2017 жылы 100 гектар қауын, 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, бүгінгі күні вегетациялық өсу кезеңіне сәйкес алғашқы егілген бақша дақылын жиналудаҚауынның алғашқы өнімі Ақтөбе, Атырау, Астана қалаларына жөнелтілді.
Аудан диқандары биылғы егіс үшін қажетті 6562 тонна аммоний сульфаты, 4185 тонна карбамид, 2613 тонна аммофос минералдық тыңайтқыштарына, 81,7 кг Гулливер, 2480 литр Солито, 15102 литр Рейнбоу, 87 литр Номини гербицидтерімен толықтай қамтамасыз етілді.
Басым дақылдарды субсидиялауға 115 шаруашылық 318,2 млн. теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 32 шаруашылық 162,7 млн.теңге, минералдық тыңайтқышқа 67 шаруашылықтан субсидия алуға өтінім беріліп, 242,8 млн.теңге қаржы игерілді.
2017 жылға Жалағаш ауданына барлық бөлінген су лимиті 1098,96 мың текше метр, оның ішінде 200,00 мың текше метр су экологиялық қажеттілікке, қалған 889,67 мың текше метр су егістікке бөлінген.