ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ АРТТЫ
Елбасы Жолдауына сәйкес биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламаны іске асыру және жергілікті тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Арал ауданы бойынша жалпы құны 2,6 млрд теңгенің 96 жобасын қамтитын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың іс-шаралар жоспары жасалды.
Қаржы институттары арқылы қаржыландыру жұмыстарының енді ғана басталғанына қарамастан, бүгінгі күнге 471 млн. теңгенің 13 жобасы іске асырылды.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3867-ге жетіп отыр, деп хабарлайды аудандық ішкі саясат бөлімі.