НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Жалағаш ауданындағы кәсіпорындар және жеке секторлар алты айда 1 895 млн.теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға артық.
Аудан әкімдігінің дерегінше жасалған талдау нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі 1,9, электрмен жабдықтау 12 , ал сумен жабдықтау 99,2 пайызға өскендігі белгілі болып отыр.
Алты айда негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі 1 184 млн.теңгеге жетіп, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырғанда 4,7 есеге ұлғайды.
Бұл негізінен тұрғындардың құрылыс жұмыстарына тартылған қаржысы, жергілікті бюджет және қарыз қаражаты есебінен орындалып отыр.