ЖОЛ БОЙЫ СЕРВИСТІК КЕШЕНДЕРІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Экономиканың дамуына жағдай туғызатын, салаларды өзара байланыстырып, бойына қан жүгіртетін көлік және логистика инфрақұрылымы болып табылады. Бұл сала бойынша Арал ауданында да атқарылған шаруа аз емес.
Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес бүгінге дейін аудан территориясынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан 2 жол сервистік қызмет көрсету нысандары қызмет көрсетуде, биылғы жылы қосымша 2 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Олар жеке кәсіпкерлер Г.Жұмағазиева мен М.Ұзақованың «С» санатты жол бойы сервистік кешендері.