БАС ПРОКУРАТУРА УКРАИНАДАҒЫ ҰРЫСҚА ШАҚЫРАТЫН САЙТТАРДЫ ЖАПТЫ
Қазақстандықтарды Украинадағы соғысқа қатысуға шақыратын интернет-ресурстары бұғауланды деп хабарлады бас прокуратураға сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Бірақ нақты қандай сайттардың бұғауланғаны айтылмайды. Бұған дейін бас прокуратура қазақстандықтар Ауғанстан, Сирия, Ирак, Украина территорияларындағы қақтығыс аймақтарына кетуін тоқтатпай отыр деп хабарлаған еді.
Қазақстан заңдары бойынша, шетелдердегі әскери қақтығыстарға қатысқан азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Биыл қазан айында "Новороссия TV" интернет-телеарнасы Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер қатарында Қазақстанның 26 жастағы азаматы жүргені жайлы хабарлаған.
Өзін Нұрлан Игенов деп таныстырған адам телеарнаға берген сұхбатында Екібастұз қаласынан келгенін, Украинаның шығысында "әскери тілші" болып жұмыс істейтінін, сепаратистердің ұрыс қимылдары туралы әлеуметтік желілерге ақпарат тарататынын айтқан.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлгі Игеновке қатысты және оның Украинадағы әрекеті туралы түсінік беруден бас тартқан.