ЕРТЕҢНЕН БАСТАП МАРШРУТТЫ КӨЛІКТЕРДЕГІ ЖОЛАҚЫ 90 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ
Бұл шешім Қызылорда қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында қабылданған. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС өкілдері жолақыны көтеруге жанармай мен қосалқы бөлшек бағаларының қымбаттауы негіз болғанын айтады.
Қалаішілік автобустарда жолақының көтерілетіндігі жөнінде хабарландырулар ілініп қойылды.