ҚАЗАЛЫДА КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІНЕ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негізінде оқып өз жобаларын қорғап шыққан 52 адамға, яғни «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микроқаржы ұйымы» 13 адамға, «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы 39 адамға несие беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда, кәсіпкерлік негізде оқытуға ағымдағы жылы 221 адам жоспарланса, орталық арқылы несие алуға өтініш білдірген жұмыссыз адамдар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың тізімдері аудандық кәсіпкерлік палатасына берілді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы «Бастау-Бизнес» жобасымен осы жылдың сәуір айымен қараша айында барлығы 6 топ бойынша оқыту көзделіп отыр.