БАҚША ӨНІМДЕРІНЕ СУБСИДИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Сырдария ауданындағы «Ақжарма» ЖШС ауылдың кіре берісіне 10 гектар бақ жасады.
– Біз алма, алмұрт, қараөрік, шиеден жалпы саны 2500 түп ектік. Қазір жеті адам оларды күтіп-баптаумен айналысады. Жас бауға тамшылатып суару әдісімен суарылады. Бір жылдан кейін алғашқы өнімдерін бере бастайды, – дейді серіктестік төрағасы Марат Бисенов.
Жаңақорған ауданындағы «Рахман» шаруа қожалығы да «Лимонка», «Семиренко» сорттарын егіп отыр.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша бақша өнімдеріне гектарына жарты миллион теңгеге дейін субсидия беріледі. Бұл болашақта базар сөрелеріндже жергілікті өнімді көбейтуге негіз болмақ.