БІРЫҢҒАЙ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ СИГНАЛДАРЫ БЕРІЛЕДІ
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша осы жылдың 2 тамызы күні сағат 10.00-де Қызылорда облысы аумағында электросиреналарды қоса отырып «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы беріледі.
Шара аясында телерадио арналардың хабар таратуын үзу арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығы тексеріледі. ТЖД тұрғындардан осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауды сұрайды.