ҚАРМАҚШЫДА МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Қармақшы ауданындағы маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға осы жылы аудандық бюджеттен 30 614 мың теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, 1 шақырым Самара-Шымкент-Ақтөбе автожолын жөндеу мақсатында 25 млн теңгеге конкурс берілсе, 5,6 млн теңгені жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау шығындарына жұмсау жоспарланып отыр.
Осыған сәйкес наурыз айында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сай мердігер мекеме анықтау мақсатында конкурс өткізіліп, мердігер мекеме «Қармақшы жолдары» ЖШС тарапынан жөндеу жұмыстары басталуда.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша «Елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 123 мың теңге қаржы жол белгілерін орнатуға қаралған. Аталған қаржыға 89 жол белгісі және 4 дана жасанды жол белгілері орнатылады деп күтілуде.
«Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс- шаралар жоспарын іске асыру» бағдарламасы аясында 746 мың теңге қаралып, 1 бағдаршам және 5 жол белгісі орнатылуда.