МҮГЕДЕКТЕР ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГИГИЕНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТЫЛУДА

Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес үстіміздегі жылдың 6 айында «Талсуат» елді мекенінде орналасқан «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесіне жеке оңалту парағы бойынша 76 мүгедек жолдамамен 9 зейнеткер дем алуға жіберіліп, өз денсаулықтарын жақсартты.
«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына сәйкес 25329,9 мың теңгенің гигиеналық құралдары алынып, жеке оңалту парағы толтырылған 293 мүгедекке ай сайын таратылып берілуде.
Протезді – ортопедиялық-73, сурдо-техникалық-8, жүріп-тұру құралдары-14, тифлотехникалық құралдар барлығы 27 мүгедекке құрал – жабдықтар мүгедектердің жеке оңалту парағына сәйкес таратылып берілді.