ҚАРМАҚШЫ 4 ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ
Қармақшы ауданындағы жағымды жаңалық аумағы 15 гектар жерді құрайтын индустриялық аймақ ашу жұмыстарының ашылуы.
Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймаққа инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу үшін 98 488 310 теңге бөлінді. Оған Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс жарияланып, «АгроСпецМонтаж» өндірістік кәсіпорыны мердігер мекеме болып анықталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында аяқталған болатын. Индустриялық аймаққа өндіріс орындарын орналастыру мақсатында, жер телімдеріне аукцион жарияланған.
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметіне сүйенсек индустриялық аймақтан 4 жер учаскелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерге жер пайдалану құқықтары табысталып отыр. Олар: 1) «МиР-2001» ЖШС-не «Бетон бұйымдарын шығару және құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы» жобасын іске асыруға 2,5 га; 2) Жеке кәсіпкер «Рахманберді» Төлепов Тұрсынға «Жиһаз жасау цехы» жобасын іске асыруға 0,5 га; 3) Жеке кәсіпкер Бердібаев Қайратқа «Темір қалдықтарын қорыту» жобасын іске асыруға 0,6 га; 4) «Раннар» ЖШС-не «Ұн сақтау қоймасын салу» жобасын іске асыруға 0,5 га.