ҚАЗАЛЫДА КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
Елімізде шағын кәсіпкерлікті дамытуға халықты ынталандыру мақсатында құқықтық және экономикалық тұрғыдан жағдай жасалып отыр. Нәтижесін аймақтағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің артып жатқандығынан байқауға болады.
Айталық, Қазалы ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметінше шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі мен көрсеткен қызметі 1791,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,8 %-ды құрады. Субъектілер саны 4330 бірлікті құрап, 4,4 %-ға өсіп отыр. (2016 жылдың 1 маусымына 4149 бірлік). Оның 242-сі заңды тұлғалар, 425-і шаруа қожалықтары және 3660 жеке кәсіпкер бар.
Шағын кәсіпкерлік саласында 8719 адам жұмыспен қамтылған. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 бірлікке артты.