ӨҢІРЛІК БИЗНЕС-ҚОҒАМДАСТЫҚ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІН ӨТКІЗУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСАДЫ
Қарағанды облысының кәсіпкерлері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі павильондарының құрылысына белсенді атсалысуға әзір. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Қарағандыда өткен көшпелі брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірдегі өкілі Мәдениет Божбанов мәлім етті.
«Ең алдымен, көрме нысандарының құрылысына Қарағанды облысының кәсіпкерлерін белсенді тартып отырғаны үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына алғыс білдіргім келеді», - деді ол өз сөзінде.
«Бүгін біз ЭКСПО нысандары құрылысының бас мердігері мен облыстың тауар өндірушілері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімінің куәсі болдық. Ұлттық жобаны іске асыруға өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып ұлттық бизнесті тарту жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмасы осылай орындалуда»,- дейді М.Божбанов.