АРАЛДА ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ӨНІМДІ
Арал ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметі есепті кезеңде Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерді, мемлекеттік, аймақтык бағдарламаларды іске асыруға бағытталды. Қабылданған іс-шараларды іске асыру барысында ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуында біршама ілгерілеушіліктер байқалды.
Аудандағы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі негізінен «Аралтұз» АҚ-на және «Қамқор локомотив» ЖШС-нің үлесіне тиеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 3458,0 млн. теңгені құрап отыр. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 2434,4 млн теңгенің өнімі өндірілген.