ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРТІП, МӘМС ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ АЛДЫ

Алғашқы күні медициналық пойыз дәрігерлері 150-ден астам тұрғынына қызмет көрсетті.
– Барлық облыстарда көрсетілетін дәрігерлік көмек пен қызметті сол облыстағы теміржол ауруханасының дәрігерлері көрсетеді. Тексеріліп болған соң азаматтарға аудандық ауруханаларға жолдама беріледі. Медициналық қызмет көрсететін пойыздың арқасында көптеген тұрғындар өз денсаулықтары туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде жан-жақты хабардар болды, – дейді «Денсаулық пойызының» бас дәрігері Қанат Тұңғышбаев.
