ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ ПАРТИЯЛАР ҮЛЕСІ МОЛ
Аймағымызда 6 саяси партияның облыстық филиалы тіркеліп тұр. Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше саяси партиялардың құрамына кірген өңір тұрғындарының саны 65 мыңнан асады.
Олардың 47 547-сі «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 6905 адам «Ақ жол» демократиялық партиясының қатарына жазылған. «Ауыл» ХДПП мүшелері 2724 болса, 5070 адам ҚКХП құрамында. «Бірлік» партиясы сапында 360, ЖСДП құрамында 3000 адам бар.
Осы жылғы 31 мамырда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының қатысуымен мәжіліс өтті. Онда партия төрағасы А. Бектаев баяндама жасады.
Сондай-ақ, Қазақстан коммунистік халық партиясының Қызылорда облыстық комитеті «Тарих. Шындық немесе жалған» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Аймақтық ҮЕҰ мен БАҚ жетекшілері қатысқан шарада жастар тәрбиесі, ҰОС тарихын дұрыс ақпараттандыру мәселесі қаралды.
Маусым айында «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Жиында «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудыӊ 100 нақты қадамындағы» Заӊ үстемдігін қамтамасыз ету бағытының аймақта жүзеге асырылуы талқыланды.
Облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі саяси күштер рөлін күшейту мақсатында құрылған.