АУЫЛДА ЖАС МАМАНДАР КӨБЕЙЕДІ
Елбасы бастамашы болған «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы елде жас мамандардың легін қалыптастыруға негіз болды.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше былтыр ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан 307 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 213,5 млн. теңге бөлінген.
Ауылға барған жастардың дені білім саласының мамандары. Елді мекендердегі денсаулық сақтау саласы да жастармен толыға түскен.
Ал биыл ауылдық елді мекендерге баруға бел байлап отырған 199 маманға төленетін бір жолғы көтерме жәрдемақы үшін 235,8 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 537 маманға 1827,7 млн. теңге қаралып отыр.