РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІН КЕМЕЛ ЕТЕДІ

Жиынға облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығы директоры Нұрсәуле Мұсаева модераторлық етті. Ол өз сөзінде қоғам дамуындағы тың бетбұрысқа негіз болған Елбасы мақаласының маңызы жайлы айтып өтті.
Сондай-ақ, ақпараттық топ құрамындағы облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Қаракөз Есбосын мен «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің бас менеджері Берік Мәмбетов хабарлама жасап, онда бағдарламалық мақаланың байыпты істерге жол ашатындығы айтылды.