АСЫЛЖАН АЗИЯДА ҮШІНШІ БОЛДЫ

Жетпіс жеті келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол жұлқа көтеруде 136, серпе көтеруде 160 келіні көтеріп, қоссайыста 296 келіні бағындырды.
Асылжан 2000 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. 7 сыныптан бастап ауыр атлетикамен айналысады. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері.
Бұған дейін жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан Республикасы чемпионатының (2015, 2017 жж.) және кубогының (2016 ж.) күміс жүлдегері атанса, биыл Бангкокта жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген.
Жыл басынан бері үш жүлде жеңіп алған Асылжанның бапкерлері Қалдыбай Тоқбаев және Мұхаммед Тұрысбеков.