ЖАЛАҒАШТА «ЖАС ОТАННЫҢ» БАСШЫСЫ САЙЛАНДЫ
«Жас Отан» Жастар қанатының Жалағаш аудандық бөлімшесінің ІХ есеп беру — сайлау конференциясы өтіп, оған «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы А.Сабанбаев, аудандық «Жас Отан» ЖҚ кеңес мүшелері қатысты.
Жиында күн тәртібінің бірінші мәселесі «Жас Отан» ЖҚ аудандық бөлімшесінің басшысы Е.Бақбергенұлының осыған дейінгі атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Конференциядағы екінші мәселеге орай аудандық «Жас Отан» ЖҚ бөлімше басшысы қызметіне Айбек Абдрамановтың кандидатурасы ұсынылды. Кеңес мүшелері кандидатты бірауыздан қолдап дауыс берді.
Кеңес мүшелері және партия басшылығы осы күнге дейін ауқымды атқарған жұмысы үшін Ерхан Бақбергенұлына алғыс білдірді.