ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА БОЛДЫ
Корея Республикасының Қазақстандағы бас консулы Чжон Сынг Мин бастаған делегация Ә. Тәжібаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханадағы «Корей ақпараттық орталығының» жұмысымен танысты.
Орталық Қазақстандағы Корея Республикасы елшілігінің қолдауымен 2011 жылы ашылып, тарихи отанынан жырақта тұратын корей халқының өкілдері үшін ана тілі мен мәдениетін игеруге мүмкіндік беріп отыр.
Қазір мұнда Корей елінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы 200-ге жуық кітап, 100-ден аса дискі, музыкалық аспаптар бар.
Сапар соңында бас консул орталық жұмысына оң баға берді.