ЗАЛАСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТИІМДІ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ
Осы жылдың эпидмаусымында облыс аумағында Конго-Қырым қанды безгегі шығуы мүмкін деген 117 елді мекен залалсыздандырылды. Бұл туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының есебінен белгілі болып отыр.
Көктемде Ұлттық сараптама орталығы Қызылорда облысы бойынша филиалы мен және облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен келісілген кестеге сәйкес аталған елді мекендердегі 28 534 қора мен аумағы 934 687 шаршы метр 938 болатын суатқа залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, маусым айының 10 күні толығымен аяқталды.
Жалпы облыс бойынша жүргізілген залалсыздандыру жұмыстары ұлттық сараптама орталығының тексерісі нәтижесімен тиімділік көрсеткіші орташа 98,9% құрады.
Есепті кезеңде «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ықтимал жағдай» нақтамасымен 16 адам ауруханаға жатқызылып, 2-еуі зертханалық әдіспен расталды. Оның біреуінде ауруға шалдыққан адам қайтыс болса, екінші науқас тиісті емін қабылдады.
Ал қалған 14 адамның сынамалары теріс нәтиже көрсетіп, денсаулықтарының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылған.