ЖАСТАРҒА ДІНИ АҒЫМДАР ҚАУПІ АЙТЫЛДЫ

Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, Қожаназар Ишан мешітінің имамы Кенжебай Берімбаев және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен партия филиалының жауапты қызметкерлері қатысты.
Шарада барысында Қожаназар Ишан мешітінің имамы Кенжебай Берімбаев сөз алып, жастарға кері діни ағымдар мен олардан сақтану жолдары жайында айтты.
–Дін еліміздегі бірліктің рухани тірегі болып, халықтың ынтымағы мен тыныштығы үшін қызмет ететін өзінің негізгі міндетін мінсіз атқарғанының нәтижесінде Қазақстан осындай биіктерге қол жеткізгені анық. Елдің болашағы дініміздің келешегі сіздердің, жастардың қолында. Алдағы уақытта да еліміздегі діни сенім қағидаттарын іске асыру мәселелері бойынша осындай іс-шараларды ұйымдастыра береміз,-деді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек.
Шара соңында жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.