ЖАҢАҚОРҒАНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткен жәрмеңкеге 60-қа жуық аудан тұрғыны қатысты.
Жыл басынан бері тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған шараға келгендерге 26 түрлі мамандық бойынша 37 жұмыс орны ұсынылып, 7 тұрғын жұмысқа жолдама алды.
Айта кетейік, кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тамыз айының 23-не өтеді.