ҚАУІП ҚАЙТАЛАНБАС ҮШІН ҚАМ ЖАСАЛАДЫ

Сонымен бірге, облыс бюджетінен бөлінген 24,2 млн. теңге қаржыға басқарма тарапынан төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсаттарына қосымша 300 мың дана қап, 85 тонна жанармай алынып, аудандарға және «Қазсушар» Қызылорда филиалы мен «Табиғат» мемлекеттік кәсіпорнына 267,8 мың дана қап және 46,9 тонна дизель, 6 тонна АИ-92 бензин отыны таратылды. Бүгінгі күнге материалдық қорда - 28,1 тонна дизель, 21 тонна бензин отыны және 130 200 дана қап тұр.
Басқарма тарапынан облыс бюджетінен бөлінген 215,0 млн. теңге қаржыға Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетінің жоба-сметалық құжаттамалары дайын жалпы сомасы 512,8 млн теңгені құрайтын 33 учаскесінің 16-на, ал 44,6 млн. теңгені құрайтын 4 учаскесіне «Қазсушар» Қызылорда филиалы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.