КӘСІПКЕРЛЕР РЕЕСТРІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА

Палатаның баспасөз қызметі таратқан мәліметте құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 1 тамыздан бастап Қызылорда қаласы, Әйтеке би к-сі, 28 мекен-жайында орналасқан Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында жүзеге асырылатыны айтылады. Байланыс телефоны 40-09-81 /4326/.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Жарғы мен құрылтайшылық келісім-шарттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
2. Мемлекеттік тіркеу куәлігі/мемлекеттік тіркеу жөніндегі анықтама көшірмесі;
3. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сай қаржылық есеп, түсіндірме жазбасымен бірге (соңғы жылдағы);
4. Соңғы жылдағы корпоративтік және мүлік салығы бойынша Декларация;
5. Салық органдарынан берешегі жоқ екендігі туралы анықтама;
6. Анкета.