ЖҰМЫССЫЗДАР ЖОЛ ЖӨНДЕУГЕ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
Шиелі кентінде көше жөндеу жұмыстары қарқын алды. Аудандық мәслихат шешімімен бұл мақсатқа 60 миллион теңге бөлініп, тұйық көшелерді жөндеуге баса мән берілуде.
Тағы бір ерекшелігі, жергілікті «Шиелі жолшы» ЖШС аудандық жұмыспен қамту орталығымен тығыз қарым-қатынас орнатып, жол жөндеушілер қатарына жұмыссыз азаматтарды көбірек тартып отыр.