КӘСІПКЕРЛЕР МӘСЕЛЕСІН КЕҢЕС ТАЛҚЫЛАЙДЫ

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының есебінше шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, іскерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, өңірімізде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуді көздейтін осы кеңестің 1 отырысы өткізіліп, саланың өзекті мәселелері талқыланған.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын заңнамалық құқықтық актілерге өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытынды береді. Жыл басынан бері 29 нормативтік-құқықтық актіге сараптама қорытындылары берілді.