ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯНЫҢ ЖЕМІСТІ БАСТАМАСЫ

Шараға партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманбаева, «Жас Отан» ЖҚ-ның бөлімше басшысы А.Абдрахманов, партия филиалының қызметкерлері және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева шара мақсаты жайлы тарата айтты.
Жетекші партия Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын өзек етіп, ұлттық құндылықтарды ұлықтайды. Осыған орай шарада Қорқыт ата туралы жастарға кеңінен мағлұматтар беру, этноауыл көрмесімен таныстыру арқылы рухани-мәдени құндылықтымызға деген құрметті қалыптастыруға баса мән берілді.
Балалар саяхат барысында Қорқыт ата кесенесімен аралады. Кешеннің жанында туристерге арналып салынған мұражайдағы жәдігерлерді, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған этноауылды тамашалаған балғындар бұл игі бастаманы ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.