РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, БИЛБОРДТАР ОРНАТЫЛУДА

Рейдтік аралау жұмыстары барысында Қызылорда қаласының Ақмешіт мөлтек ауданы, Пищевик, Ягодка саяжайлары, Тәуелсздік көшесінің бойы, Көксу жағажайы, Шіркейлі және Жаңадария каналдары қамтылуда.
Аралау барысында бірнеше мәрте балалардың белгіленбеген орындарда суға түсіп жатқан жағдайлары анықталды. Оларға судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында түсіндірме жасалды.
Сонымен қатар, «Сырдария толқыны» жағажайында суға түсіп жатқан демалушылар арасында да үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта 275 дана үнпарақ таратылды.
Сонымен қатар, қаладағы М.Шоқай және Яссауи көшелерінің бойында, ірі сауда үйлері мен базарларда судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеген билбордтар орнатылды.
Дария жағалауына белгіленбеген жерге суға түсуге болмайтынын ескерткен тақтайшалар орнатылды.