ПРОКУРАТУРА БАСТАМАСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазалыда аудандық прокуратура бастамасы аясында «Діни тұрақтылық, мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жиынға Қызылорда аудан прокурорының көмекшісі Ә.Мұратов, облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы ауданы бойынша бөлімшесінің теолог маманы Н.Нәлібаев, аудандық қылмыстық атқару инспекциясы қызметкері Б.Садуов, «Қожаназар ишан» мешітінің бас имамы К.Берінбаев пен аудан тұрғындары қатысты.
Жат ағым жетегінде жүргендерді дәстүрлі дінімізге бейімдеу мақсатында өткен шарада жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мен қатар оларды жұмыспен қамту бастамалары жайлы да айтылды.
Кездесу облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Н.Нәлібаев «Діни тұрақтылық мемлекет қауіпсіздігінің кепілі», «Қожаназар ишан» мешітінің бас имамы К.Берінбаев «Діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар», аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Қ.Баймаханов «Сотты болып, бостандыққа шыққан жастардың жұмысқа орналасу барысы» тақырыбында хабарлама жасады.
Алдағы уақытта осындай іс - шаралар өз жалғасын табады.